Петропавловск қаласында қаржы полициясы тиісті лицензиясыз тұрғын үй салып жатқан компанияның үстінен қылмыстық іс қозғады
Петропавловск. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері тиісті лицензиясыз тұрғын үй салып жатқан компанияның үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Бір серіктестік тиісті лицензия алмастан, үлестік құрылыс туралы келісім -шарты бойынша жеке тұлғалардың ақшасын тарту арқылы 102 пәтерлі тұрғын үй салып жатқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін