Петропавловск қаласында "Қызылжар - Ақбастау" атты коммуналдық көтерме сауда базары пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск қаласында "Қызылжар - Ақбастау" атты коммуналдық көтерме сауда базары пайда болды

Петропавловск қаласында "Қызылжар - Ақбастау" атты коммуналдық көтерме сауда базары пайда болды

Петропавловск. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Петропавловск қаласында "Қызылжар - Ақбастау" атты коммуналдық көтерме сауда базары ашылды, ол қалада екі жерде жұмыс істеуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Добрый вечер" газетіне сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 623
Фото - Caravan.kz

Газет мәліметінше, Петропавловск қаласындағы «Қызылжар — Ақбастау» базарындағы баға көтерме және бөлшек саудада нарық бағасынан 20% төмен. Аумағы 5556 шаршы метрді құрайтын аумақта жеміс-көкөніс және ет-сүт өнімдері сатылады. Мысалы, сиыр етін мұнда 410 — 540 теңгеге, шошқа етін 450 — 660 теңгеге сатып алуға болады. Сүттің бір литрі 67 теңге, ал картоптың бір келісі — 55 теңге тұрады.

Базарда 118,2 шаршы метр аумақты иемденетін, желдеткіш жүйесімен, электр жарығымен және сумен қамтамасыз етілген жер асты жеміс-көкөніс қоймасы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар