Газет мәліметінше, Петропавловск қаласындағы "Қызылжар - Ақбастау" базарындағы баға көтерме және бөлшек саудада нарық бағасынан 20% төмен. Аумағы 5556 шаршы метрді құрайтын аумақта жеміс-көкөніс және ет-сүт өнімдері сатылады. Мысалы, сиыр етін мұнда 410 - 540 теңгеге, шошқа етін 450 - 660 теңгеге сатып алуға болады. Сүттің бір литрі 67 теңге, ал картоптың бір келісі - 55 теңге тұрады.
Базарда 118,2 шаршы метр аумақты иемденетін, желдеткіш жүйесімен, электр жарығымен және сумен қамтамасыз етілген жер асты жеміс-көкөніс қоймасы бар.