Петропавловскіде Кеңестер Одағы Батырының ескерткіші орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловскіде Кеңестер Одағы Батырының ескерткіші орнатылды

Петропавловскіде Кеңестер Одағы Батырының ескерткіші орнатылды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде Кеңестер Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 571
Фото - Caravan.kz

Облыстық дарынды балаларға арналған арнайы гимназия-интернат аумағында 9 мамырда Кеңестер Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың ескерткіші орнатылды. Интернат 23 жылдан бері оның атын иемденіп келеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Серік Біләлов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

Кеңестер Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың ескерткішін жергілікті мүсінші Бақытжан Рамазанов сомдаған. Биіктігі 3 метр 60 сантиметрлік ескерткіш аты облыстық дарынды балаларға арналған арнайы гимназия-интернатқа берілген Отан қорғаушыға көрсетілген құрмет. Ескерткішті салтанатты түрде облыс әкімі С. Біләлов ашты.

Әбу Досмұхамбетов 21 жасында майданға аттанған. Тағдыр жас Отан қорғаушыға бар болғаны жалғыз жыл шайқасуды жазыпты. Ол 1943 жылы Чернобыльде ерлікпен қаза тапты. Көптеген жылдар өткеннен кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Әбу Досмұхамбетов Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті