Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қала кәсіпкерлері «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және сауда секторлары мен ипотекалық үйлердегі өрт қауіпсіздігі» атты кездесуге шақырылған.
«Пара бергені үшін жауапқа тарту бабының күшін әлі ешкім жойған жоқ. Сіздер қазір инспекторға төлей саласыздар, ал ертең сіздің кәсіпорын өртеніп кетті делік. Бұл кімге жақсылық әкеледі — оны өздеріңіз шешіңіздер»,- деді өрт сөндіру қызметі жөніндегі департаменттің бастығы Оңғарбек Мұстафин.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылы 27 базар мен 56 сауда үйіне тексеру жүрігізіліп, 66 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы кезең ішінде сауда орындарында 17 өрт шыққан, ал соның салдарынан келген материалдық шығын 10 млн теңгеден асып жығылады.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының Афонькино аулында 50 тонна астық пен техника сақталған фермер қоймасы өртенген. Ауыл аудан орталығынан 30 шақырым қашықта орналасқан. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше тілсіз жау үлкен аумақты шарпып, қойманың төбесі құлаған. 5 тонна астық өртеніп, техникалар зардап шеккен. Келген шығынның көлемі анықталуда, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт сөндірушілердің пайымдауынша, өрттің шығуына қасақана өрт қою себеп болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті