"ПетроҚазақстан Инк" ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің арызы бойынша шығарылған сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ПетроҚазақстан Инк" ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің арызы бойынша шығарылған сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші

"ПетроҚазақстан Инк" ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің арызы бойынша шығарылған сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші

"ПетроҚазақстан Инк" компаниясы ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің арызы бойынша шығарылған сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ПетроҚазақстан" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Ақпан 2004
  • 613
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, 17-ақпанда Астана қалалық соты мұнай өнімдерінің дистрибьютері болып табылатын бірқатар компаниялардың шағымын қанағаттандырмады. Бұл компаниялар ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің еліміздің монополияға қарсы күрес заңының талаптарын бұзғандығы туралы айыбын заңсыз деп тануды сұраған болатын. Сот аталмыш дистрибьютерлік компаниялардың 91 млн. доллар көлемінде заңсыз пайда тапқаны туралы Агенттік таққан айыптың орындылығын анықтады.

Ал 2003-жылдың қараша айында өнім сатушы бір компанияның 31 млн. доллар көлемінде заңсыз пайда тапқандығы туралы Агенттік шағымын тағы да осындай сот мәжілісі негізсіз деп таныған болатын. Қазіргі таңда Агенттік сот шешіміне қарсы арызданып отыр.
Ал «ПетроҚазақстан» компаниясы болса, Агенттіктің аталмыш мәлімдемелері негізсіз деген пайымнан бұрынғыдай бас тартар емес. «ПетроҚазақстан» компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Қазақстанда жоғары бәсекелі мұнай өнімдерінің нарығы қалыптасқандықтан, қазіргі баға деңгейі әлемдік нарықтағы мұнай бағасына парапар. Ал ондағы баға қазір шарықтау шегіне жеткені мәлім. «ПетроҚазақстан» компаниясындағылардың пайымдауынша, дистрибьютерлер белгілеген баға Ресейден импортталатын мұнай өнімдері бағасы мен еліміздегі одан басқа екі мұнай өңдеу зауытының дистрибьюторлары белгілеген бағамен салыстырғанда бәсекелі баға болып табылады. «ПетроҚазақстан» логотипін иемденетін жанармай тарату бекеттеріндегі бөлшек сауда бағасы қаладағы басқа бекеттердегі бағамен салыстырғанда ең төмен болып табылады.
Сондай-ақ, «ПетроҚазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру жөніндегі келісімде көрсетілген шарттар бойынша сотқа шағым түсіру мүмкіндіктерін қарастыруда. Онда компанияға мұнай өңдеу зауытының кез-келген өнімін ел ішінде және шетелдерде еркін нарықтық бағамен сатуға құқық беріліп, Қазақстанның еркін сауда рыногын қолдайтындығы туралы міндеттемесі көрініс тапқан.
«ПетроҚазақстан» мұнай өнімдеріне баға белгілеуге байланысты туындап отырған қиындықтар, нарықтық экономика принциптеріне сәйкес ашықтықты қамтамасыз ету, бәсекелестік динамикасын тиімді қадағалау шаралары төңірегінде тиісті мемлекеттік мекемелермен арадағы диалогты одан әрі өрбіте беруге дайын.
«ПетроҚазақстан» — Қазақстан нарығында жеті жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық энергетикалық компания. Компания шикі мұнай көздерін барлау, өндіру және экспорттау, сондай-ақ, мұнай өнімдерін өңдеу және сатумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар