"ПетроҚазақстан" компаниясы бөлімшелерінің бұрынғы басшысы Марло Томас кенеттен қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ПетроҚазақстан" компаниясы бөлімшелерінің бұрынғы басшысы Марло Томас кенеттен қайтыс болды

"ПетроҚазақстан" компаниясы бөлімшелерінің бұрынғы басшысы Марло Томас кенеттен қайтыс болды

"ПетроҚазақстан" компаниясының Қазақстандық бөлімшелерінің басшысы қызметін бірнеше жыл бойы атқарып келген Марло Томас 53 жасында кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 577
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Марло Томастың есімі «Харрикейн» және «ПетроҚазақстан» сөздерінің синонимына айналған-тұғын. Компанияда жұмыс істеген мерзімде М.Томас өзі басқарған компанияны көптеген қиын кезеңдерден алып өтіп, 1999-жылғы ауыр ахуалдан кейін «ПетроҚазақстанды» аяғынан табысты тұрғыза білді.

М.Томас Канада, Ресей, Судан және Қазақстанның мұнайгаз саласында 30 жылдан астам жұмыс істеді. Ол «Галф Кэнэда», «КомиАрктикОйл», Судан мемлекеттік мұнай компаниясы тәрізді мұнай кәсіпорындарында жетекші лауазымдар атқарды.
М.Томас 1998-жылдың наурыз айынан бастап «ПетроҚазақстан» компаниясында істеді. 1999-жылдың шілде айында компанияның мұнай өндіруші бөлімшесі — «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиздің», ал 2000-жылдың қыркүйек айынан бері компанияның мұнай өңдеуші бөлімшесі — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясының президенті болып тағайындалды. М.Томас денсаулық ахуалының күрт төмендеуіне байланысты 2003-жылдың соңында жұмыстан шықты.

Соңғы жаңалықтар