ПетроҚазақстан монополияға қарсы күрес заңының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл ретінде республикалық бюджетке 0,5 млрд. теңге аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ПетроҚазақстан монополияға қарсы күрес заңының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл ретінде республикалық бюджетке 0,5 млрд. теңге аударды

ПетроҚазақстан монополияға қарсы күрес заңының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл ретінде республикалық бюджетке 0,5 млрд. теңге аударды

ПетроҚазақстан монополияға қарсы күрес заңының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл ретінде республикалық бюджетке 0,5 млрд. теңге аударды. Бұл туралы бүгін, 12-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 422
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі «ПетроҚазақстан» компаниясының іс-қызметіне жүргізген тексеру нәтижесінде компанияны монополияға қарсы заң талаптарын бұзу арқылы 883 млн. теңгенің заңсыз пайдасын тапты деп айыптап, бұл қаржыны республикалық бюджетке аударуды талап еткен болатын. Ал «ПетроҚазақстан» компаниясы өз кезегінде агенттіктің мұндай шешіміне қарсылық білдіріп, өз әрекетінің заңсыздығын мойындаудан бас тартып, Агенттік шешімінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірген. «ПетроҚазақстан» ААҚ-ның шағымын қараған Астана қалалық соты шағым иесінің монополияға қарсы заң талаптарын бұзу дерегіне жол беру дерегін анықтап, 149 322 946 млн. теңгенің монополиялық пайдасын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Ал «ПетроҚазақстан» ААҚ Астана сотының шешіміне қарсылық білдіріп, Жоғарғы сотқа шағым жолдаған.

«ПетроҚазақстан» ААҚ-ның ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің үстінен түсірген шағымын ҚР Жоғарғы соты 2004-жылдың 18-наурызында қарады. ҚР Жоғарғы сотының алқа мәжілісінің шешімімен компаниядан өндіріп алынатын қаржы көлемі 499 655 947 теңгеге дейін арттырылды. Астана қалалық соты шешімінің бұдан басқа бөлігін ҚР Жоғарғы соты өзгеріссіз қалдырды.

Соңғы жаңалықтар