«Петя және қасқыр» симфониялық ертегісінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Петя және қасқыр» симфониялық ертегісінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді

«Петя және қасқыр» симфониялық ертегісінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді

7-9 қаңтарда қысқы демалыс кезінде «Астана Опера» театрының камералық залында елорда

  • 6 Қаңтар 2014
  • 523
Фото - Caravan.kz

оқушыларына кемеңгер композитор Сергей Прокофьевтің балаларға арналған «Петя және қасқыр» атты әйгілі симфониялық ертегісі қойылады.

Бұл туралы astana.kz сайты театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 «Петя және қасқыр» ертегісі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өлеңді мәнерлеп оқуға арналған. Туындының негізгі идеясы ертегінің әрбір кейіпкерін өз аспабы және өз музыкалық тақырыбы көркемдейтіндігінде жатыр. «Петя және қасқыр» симфониялық ертегісі әлемдегі ең көп орындалатын музыкалық туындылардың бірі.

 Аталған жобаның басты жаңалығы — «Петя және қасқыр» ертегісі алғаш рет қазақшаға аударылып отыр. Аударма авторы — Жоламан Тұрсынбаев. Енді оқушылар симфониялық ертегіні екі тілде: қазақша және орысша тыңдай алады.

 Ертегіні «Астана Операның» шағын симфониялық оркестрі орындайды, мәтінді оқитындар: Төлеген Назарбеков, Сәуле Мәулетова, Маржан Жәкенова. Спектакль дирижерлары — Руслан Баймұрзин, Рақымжан Баспаев.


 Музыкатанушы Маржан Жәкенова, балалардың бойында классикалық музыкаға деген махаббатты дәл осы «Петя және қасқыр» сияқты шығармалар арқылы сіңіру керек деп есептейді, өйткені бұл музыка өнерінің нағыз жауһары болып табылады әрі балаларға түсінікті.

Перейти к новостям спорта