Плей-офф: «Барыс» алғашқы ойында «Трактордан» басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Плей-офф: «Барыс» алғашқы ойында «Трактордан» басым түсті

Плей-офф: «Барыс» алғашқы ойында «Трактордан» басым түсті

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сындары аясында алғашқы ойын өткізген астаналық «Барыс» клубы Челябі қаласының «Тракторын» жеңді.

  • 22 Ақпан 2013
  • 358
Фото - Caravan.kz

Қызықты да тартысты өткен ойынның үш кезеңінде де екі команда бір-біріне бой бермеді. «Барыс» үнемі алға шықса, «Трактор» қарымта шабуылдармен жауап беріп отырды. Соңғы кезеңде астаналық хоккей клубы 3:2 есебімен жеңіп тұрды. Алайда ойынның аяқталуына 2 минуттай қалған кезде, қарсыластар бір шайбаны салып үлгерді. Есеп — 3:3. Осыдан кейін төрешілер овертайм ретінде қосымша 20 минуттық төртінші кезеңді белгіледі. Онда да екі команда біраз арпалысты. Соңғы минуттарда Роман Старченконың алыстан көздеген тамаша соққысы нәтижелі аяқталды. Есеп — 4:3. Сонымен Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сындары аясындағы алғашқы ойынында «Барыс» командасы жеңіске жетті.

Айта кеткен жөн, плей-офф ойындары кезінде команда төрт мәрте жеңіске жетуі тиіс. Сонда ғана ол келесі айналымға өтеді. Әзірше, «Барыста» бір ұпай бар. Келесі ойын ертең, 22 ақпанда сол жерде — Челябі қаласында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера