Жарияланды: 490

Подмосковье қаласында автобус жүк көлігімен соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Жұма күні Ресейдің Мәскеу облысындағы Ступинск ауданында ірі жол-көлік апаты болды.

Автобус жүк көлігімен соқтығысып, апат салдарынан автобус жанып кеткен, деп хабарлайды РБК агенттігі. "Апат жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 04.30-да «Дон» федералды тас жолының 105-ші шақырымында болған. Екі көліктің соқтығысу салдарынан өрт болып, автобус түгелдей дерлік жанып кеткен", - деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар министрлігі. Алдын-ала болжам бойынша 10 адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды. Оқиға орнында құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар министрлігі мен жедел-жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін