Автобус жүк көлігімен соқтығысып, апат салдарынан автобус жанып кеткен, деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Апат жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 04.30-да «Дон» федералды тас жолының 105-ші шақырымында болған. Екі көліктің соқтығысу салдарынан өрт болып, автобус түгелдей дерлік жанып кеткен», — деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар министрлігі.
Алдын-ала болжам бойынша 10 адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар министрлігі мен жедел-жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.