Caravan Logo

Подмосковье қаласында автобус жүк көлігімен соқтығысып, 10 адам қаза тапты

	
Подмосковье қаласында автобус жүк көлігімен соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Автобус жүк көлігімен соқтығысып, апат салдарынан автобус жанып кеткен, деп хабарлайды РБК агенттігі.

"Апат жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 04.30-да «Дон» федералды тас жолының 105-ші шақырымында болған. Екі көліктің соқтығысу салдарынан өрт болып, автобус түгелдей дерлік жанып кеткен", - деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар министрлігі.

Алдын-ала болжам бойынша 10 адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды.

Оқиға орнында құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар министрлігі мен жедел-жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.