Пойыз қағып кеткен келіншектің құрсақтағы нəрестесін дəрігерлер аман алып қала алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пойыз қағып кеткен келіншектің құрсақтағы нəрестесін дəрігерлер аман алып қала алмады

Пойыз қағып кеткен келіншектің құрсақтағы нəрестесін дəрігерлер аман алып қала алмады

Алматы дәрігерлері пойыз қағып кеткен жүкті келіншектің жағдайы туралы айтып берді.

  • 8 Қазан 2015
  • 870
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Əбдірасылова айтты.

Оның айтуынша, 1990 жылғы жүкті келіншек өте ауыр халде 4-қалалық ауруханаға түскен. Ол жүктіліктің 39-40 аптасында болған. Баласы бірден кесар тілігімен алынды. Нəрестеге оттегі жетіспей қиналған.

Балаға 1 сағат бойы реанимациялық көмек көрсетілді. Бірақ өкінішке орай нəресте кеше  кешкі 16:05-те   қайтыс болды.

Анасы Алматы облысы, Жамбыл ауылының тумасы болып шықты. Келіншек 2-ші баласын күтіп отыр екен.

"Анасының халі өте ауыр. Миы шайқалған. Оған қан құйылды. Негізінен басы жараланған. Тілі жұлынған. Жақ сүйегі зақымданған. Есін əлі жиған жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тістеріне қатты соққыдан түсіп қалған", — деді Бағдагүл Əбдірасылова.


Айта кету керек, қайғылы оқиға кеше Алматы-1 стансасында орын алған. Жол апатының мəн жайы жайлы əзірге ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі түсініктеме бермей отыр.

Соңғы жаңалықтар