Пол Мерфидің Қазақстанға сапары жеке мәнге ие – Еуропарламент өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пол Мерфидің Қазақстанға сапары жеке мәнге ие – Еуропарламент өкілі

Пол Мерфидің Қазақстанға сапары жеке мәнге ие – Еуропарламент өкілі

Ирландиялық социалист Пол Мерфи Қазақстанға Еуропарламент өкілі емес, жеке тұлға ретінде келеді, деп мәлім етті ҚазТАГ-қа Еуропарламенттің Қазақстан бойынша делегациясының басшысы Паоло Бартолоцци.

  • 20 Шiлде 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Пол Мерфидің сапары жеке мәнге ие және оның жасайтын барлық мәлімдемелері де жеке мәнге ие болып, Еуропарламенттің және Еуропарламенттің Қазақстан бойынша делегациясының пікірін көрсетпейді», — дедіП. БартолоцциП. Мерфидіңмұнай компанияларының ереуілге шыққан жұмыскерлерімен кездесулерде Еуропарламенттің мүдделеріне өкілеттігі қандай деген сұраққа жауап бере отырып.

П. Бартолоцци «егер П. Мерфидің мәлімдемелері мемлекеттің ішкі істеріне араласуға бағытталса – тәртіпсіздік өткізуге немесе құқықтық тәртіпті бұзуға үндеулер – Қазақстан жағының Еуропарламент президентіне және Қазақстан бойынша делегациясының басшысына үндеуі түсіністікпен қабылданып, қажет шаралар қабылданады».

«П. Мерфидің Қазақстанға сапар жасау мәселесі біріккен солшыл/ солтүстік солшыл жасылдар фракциясының отырыстарында талқыланған жоқ, демек, оның сапары фракциядан ресми сапар болып табылмайды», — деді ол.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Еуропарламенттің депутаты, біріккен солшыл/ солтүстік солшыл жасылдардың конфедеративтік тобының мүшесі П. Мерфи сапармен жүр. Өткен аптада ол Маңғыстау облысында ереуілге шыққар мұнайшылармен және «Қаражамбасмұнай» және «Өзенмұнайгаз» мұнай компанияларының («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бөлімшелері) өкілдерімен кездесті.

Еуропалық БАҚ-тардағы ақпаратқа сәйкес, П. Мерфи әлемдегі аты шулы оқиғаларға ерекше қызығушылық танытады. Бұл — Қытайдағы адам құқықтарына қатысты жағдай, Грекиядағы наразылықтар, Палестина мәселесі, Солтүстік Африкада тұлғаның құқықтарын қорғау мәселесі.

Соңғы жаңалықтар