Жарыста Ақмола облысы ІІД басқарма, бөлімдері және Ақмола облысы ІІД оқу орталығының қызметкерлері жүлделі орындарға таласты. Балта аяқты, балға жұдырықтылардың сайысында жарыс шымылдығын облыстық «Динамо» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары полиция полковнигі В.Букреев ашып, ішкі істер саласында спортқа ерекше көңіл бөлініп отырғанын, қоғамда болып тұратын қылмыс иелерін ұстауда, олармен күресетін тәртіп сақшыларының қашан да күш-қуаты мол болу керектігін айтып, жарысқа қатысқан барлық спортшыларға сәттілік тіледі.
Бұл жарыстың қорытындысы бойынша командалық есеппен бірінші орынды Ақмола облысы Ішкі істер бас басқармасы жеңіп алды, ал екінші орынды Ақмола облысы ІІД оқу орталығы иеленді, соңғы үшінші орынды Бурабай аудандық ІІБ місе тұтты.