Жарияланды: 330

Полицейлер бір кеште Алматы облыстық ІІД-ға жеңіл жүрісті жиырмадай бойжеткенді жеткізді

Алматы облысындағы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері алдын алу жұмысының барысында жеңгетайлық жасауда күдікті танылған облыс орталығында орналасқан хауыз бен моншаның әкімшілерін ұстады.

33 және 43 жастағы екі әйел ақшалай сыйақының орнына бойжеткендерді жыныстық қатынасқа ұсынған. Тағы бір ұсталған азаматша, Талдықорғандағы хауыздың 54 жастағы жұмыскері жас әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Соңғы рейдтің барысында тәртіп сақшылары жезөкшелікпен айналысатын 20-дай бойжеткенді анықтап, ІІД-ға жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін