Сәтпаев қалалық прокуратурасы таратан хабарламаға сүйенсек, апат кеше кешқұрым Жезқазған-Сәтпаев тас жолында болған.
"ПАЗ" автобусын тізгіндеп келе жатқан 23 жастағы полиция сержанты белгісіз себептермен рульге ие бола алмай, көлікті аударып алған", — делінген хабарламада.
Салдарынан жүргізуші мен 21 жастағы полиция сержанты бас миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының себептері анықталып жатыр.