"Полицейлер қыздың баруы мүмкін бүкіл мекенжайларды мұқият тексеріп шықты. Барлық аймақтық бөлімшелерге бағыттамалар жіберілді. Сондай-ақ компьютерлік клубтар, ойын-сауық мекемелері мұқият тексерілді. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер қыздың қайда жүргенін анықтаған. Сонымен қатар, сол қызды көрген тұрғындар да полицияға хабар берді", — деп ақпарат берді ІІД.
Оқушы қыз Мағжан Жұмабаев ауданындағы Молодежное ауылында болыпты.
"Ол ғаламтор арқылы бозбаламен танысып, соның үйіне қонаққа келген екен", — дейді Петропавл ІІБ басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Асан Мейрамов.