Жарияланды: 520

Полицейлер Петропавлдағы өнер колледжінде жарылғыш заттың орнына ойыншық граната тауып алды

Полицейлер Петропавлдағы өнер колледжінде жарылғыш заттың орнына ойыншық граната тауып алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, оқиға 21-қаңтар күні таңертең болып, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның кезекшісіне өнер колледжінің ғимаратына кіре беріс алаңқайдан жарылғыш зат табылғандығы туралы ақпарат түседі. Бұдан кейін қолға алынған арнайы шаралар барысында жарылғыш заттың орнына пластмассадан жасалған ойыншық граната табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін