Полицейлер қызын өлтіріп қарап отырған әйелге қатысты қылмыстық іс мәселесін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер қызын өлтіріп қарап отырған әйелге қатысты қылмыстық іс мәселесін қарастыруда

Полицейлер қызын өлтіріп қарап отырған әйелге қатысты қылмыстық іс мәселесін қарастыруда

Ақтауда полицейлер қызын бауыздатып қойып қарап отырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғау, қозғамау мәселесін қарастыруда. Қанды оқиға кеше орын алған болатын.

  • 17 Қараша 2012
  • 413
Фото - Caravan.kz

23 жастағы қала тұрғыны қарызға ақша бермеген туған апасын бауыздап өлтірген болатын. Ал денесін мүшелеп, екі сөмкеге бөліп салып қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен-ді. Ең сорақысы жас жігіт айуандық әрекетті анасының көзінше істеген. Ал егде жастағы әйел қылмыс жайында полицияға хабар бермей, жасырмақ болыпты. Қазір ол қамауда отыр. Ал қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Үйдің кіре берісіндегі шашылған хлор мен қан қалдықтары сол қорқынышты көріністі еске салады. Жас жігіт мұндай қылмысқа барады деп көршілері де ойламаса керек. Өйткені үйдегі айқай-шуды олар да естіпті. Бірақ тәртіп сақшыларына хабарламаған. Ал марқұмды жерлеуді мойындарына алған туыстары мен достары бұл оқиғаға әлі сене алар емес.


Түрлекен Есбосынов, көршісі:

—  Баха мені кешірші, не қаласаң да алып берем. Қыздың осындай жан дауысы 20 минуттай шығып жатты. Кейін тынышталып қалды.

Соңғы жаңалықтар