Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Видеотіркеу құрылғылары жоқ полицей көліктері жол қозғалысы ережелерін бақылауға тартылмайды. Себебі дәлелдеме міндетті түрде видеотіркеу құрылғысына тіркелу керек", — деп түсіндірді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеңіспаев.
Сондай-ақ, мұндай бұйрықты биыл сәуір айында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың да бергені айтылады. Министр полицейлерге видеотіркеу құрылғынсыз жүргізушілермен жұмыс істеуге тыйым салған болатын.