Полицейлер жүргізушілерге видеодәлелcіз айыппұл сала ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер жүргізушілерге видеодәлелcіз айыппұл сала ала ма?

Полицейлер жүргізушілерге видеодәлелcіз айыппұл сала ала ма?

Полицей өзінің видеотіркеу құрылғысында ешқандай дәлелдері болмай, жол жүру қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіге айыппұл салса, ол жазаға тартылады. Дегенмен де бұл жағдайда айыппұл төленуі тиіс болады.

  • 29 Желтоқсан 2017
  • 257
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Видеотіркеу құрылғылары жоқ полицей көліктері жол қозғалысы ережелерін бақылауға тартылмайды. Себебі дәлелдеме міндетті түрде видеотіркеу құрылғысына тіркелу керек", — деп түсіндірді ҚР ІІМ  Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеңіспаев.

Сондай-ақ, мұндай бұйрықты биыл сәуір айында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың да бергені айтылады. Министр полицейлерге видеотіркеу құрылғынсыз жүргізушілермен жұмыс істеуге тыйым салған болатын.


 

Соңғы жаңалықтар