Полицейлерден қызметтік қару алынып, травматикалық тапанша таратылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлерден қызметтік қару алынып, травматикалық тапанша таратылуы мүмкін

Полицейлерден қызметтік қару алынып, травматикалық тапанша таратылуы мүмкін

Ішкі Істер министрлігінде кезекті реформа! Енді полицейлердің қолындағы қызметтік қару жаппай алынып, орнына травматикалық тапанша таратылуы мүмкін. Бүгін Бас прокуратура осындай құжатты Мәжіліске әкелді.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Өйткені, тәртіп сақшылары қолындағы қарумен адам өлтіріп алуы мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың өміріне алаңдаған прокурорлар, оны травматикалық тапаншаға алмастыру қажет дейді. Оның үстіне, полицейлер де табельді тапаншадан оқ атуға жүрексінеді екен. Ал, травматикалық қарумен заңға бағынбағандарды еш қиындықсыз тәртіпке салуға болады. Айта кетсек, соңғы 3 жылда тұрғындардың қолында жүрген 40 мың травматика сатып алынған. Ол үшін бюджет 2 миллиард теңге жұмсалыпты.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

— Егер депутаттар мақұлдаса, алдымен көшеде тәртіп қадағалайтын 38 мың полицейге жаңа қару табысталады. Ол тапаншалардың барлығы тұрғындардан сатып алынған. Ал, тәртіп сақшыларының табельдік тапаншалары тексеріліп жарамсыздары жойылуы керек. 

Перейти к новостям спорта