Полицейлерді аяусыз ұрып-соққан: Алматыдағы бүліктен кейін екі шетелдік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлерді аяусыз ұрып-соққан: Алматыдағы бүліктен кейін екі шетелдік ұсталды

Полицейлерді аяусыз ұрып-соққан: Алматыдағы бүліктен кейін екі шетелдік ұсталды

 Бас прокуратура Алматыдағы тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетел азаматы ұсталғанын хабарлады.

  • 15 Ақпан 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандар қаңтардың 5-іне қараған түні қала әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасады деген күдікке ілініп отыр.

"Бұл адамдармен ғимаратты қорғап жүрген мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш көрсеткен", — деп хабарлады Қазақстанның бас прокуратурасы.

Олар полицейлерді тартып алынған арнайы құралдармен – қалқандар, таяқшалармен ұрып-соққан.


Қылмыскерлердің жеке басы бейнежазбалар арқылы анықталды.

Осы жылдың 1 ақпанында күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша іс қозғалды. Олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар