Полиция бүкіл Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция бүкіл Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Полиция бүкіл Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне полиция жұмысы күшейтілді.

  • 5 Қыркүйек
  • 11
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, — деп хабарлайды Caravan.kz  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйекте мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды.

«ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған.

ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады», — делінген хабарламада.