Полиция инспекторы жол ережесін бұзған жүргізушінің ізіне түсемін деп қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 532.74
  • 617.23
+40 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция инспекторы жол ережесін бұзған жүргізушінің ізіне түсемін деп қаза тапты

Полиция инспекторы жол ережесін бұзған жүргізушінің ізіне түсемін деп қаза тапты

Түркістан облысында полиция инспекторы қызмет барысында қаза тапты.

  • 7 Наурыз
  • 6
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Информбюро-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аға лейтенант Қанат Ғабитов жол ережесін бұзған жүргізушінің ізіне түсемін деп апатқа ұшыраған. Ауыр жарақат алған тәртіп сақшысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен екен.
Жол апаты Жібек жолы-Жетісай трассасында күні кеше болған. Жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушінің артына түскен Қанат Ғабитовтің көлігі басқа машинамен соқтығысқан екен. Салдарынан тағы алты адам жарақат алған. Осы салада ұзақ жыл еңбек еткен 27 жастағы азаматты бүгін әріптестері мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Ішкі Істер министрі марқұмның туыстарына тиісті көмек көрсетілетінін айтты.