"Полиция қызды іздеудің орнына ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан": Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке салған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Полиция қызды іздеудің орнына ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан": Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке салған

"Полиция қызды іздеудің орнына ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан": Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке салған

Қызылорда облысында мектеп оқушылары 16 жасар қызды қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген көрінеді.

  • 8 Тамыз
  • 26
Massaget

Бұл туралы «Немолчи» қоғамдық қорының жетекші Дина Таңсәрі Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дина Таңсәріге жәбір көрген қыздың ата-анасы көмек сұрап хат жазған.

«Қыз — үйдің жалғыз баласы. Ақпан айынан бері үйге келмеуді шығарған. Әке-шешесі полицияға арыз жазады. Полиция қызды іздеудің орнына ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан. Сондықтан амалы қалмаған ата-ана қызды өздері іздей бастаған. Қыз анда-санда байланысқа шығып тұрған. Ол кафеде даяшы немесе гүл дүкенінде сатушы болып жұмыс жасайтынын айтқан. Ата-анасы сол жерге барса, қыз ол жерде жоқ болып шығады. Ата-анасы шу шығармас үшін қыздың осылай жасауына итермелеген.

Кеше барлығы белгілі болды. Сыныптастары қыздан үлкен көлемде ақша бопсалаған. Егер ақшаны әкелмесе шашы мен қасын түгелдей кесіп тастаймыз деп қорқытқан. Қыз досынан ақша сұраған. Досы қыздың ата-анасына болып жатқан жайтты айтып берген», — деп жазды «Немолчи» қоғамдық қорының жетекшісі.