Астана қаласында қараша айының 29-ы мен 30-ы күндері өткен 109-ыншы Әлем чемпионы мен Евразия кубогы үшін сайысқан спортшылардың жалпы саны 70 адамды құрады. Олар Қазақстаннан басқа Ресей мен Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінің намысын қорғаған спортшылар.
Айбектің салмақ дәрежесі бойынша 75 келіде тоғыз қарсыласы болды. Олардан басым түскен ол бірінші орынды жеңіп алып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Айбек бұған дейін де Алматы, Астана, Қарағанды, секілді еліміздің көптеген қалаларында өткен күрес, жекпе-жек сынды жарыстарға қатысып, бірінші орындарды жеңіп алған.
Енді Айбек алдағы желтоқсан айының 22-інші жұлдызында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін спорттық жарыста бағын сынамақ. Әлемнін бірқатар елдерінен келіп қатысатын спортшылардың арасында да Айбек жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз. Олай болса әріптесімізге сәттілік тілейік!