Полиция Алматы облысы тұрғындары мен шекарашылар арасында болған төбелестің шығу себептерін тексеріп жатыр
![]() |
Алматы облысы Ұйғыр ауданының Қалжат ауылында үш әскери қызметкер жергілікті тұрғындармен төбелескен. |
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелес ауыл ішімен өтетін жолда «Мицубиси» және «Ауди» көліктерінің жүргізушілерінің дауынан басталған. Олардың бірі алыс қашықтықты көрсететін фарын жағып екіншісіне кедергі келтірген көрінеді. Көліктің бірінде шекарашылар болған.
«Даудың соңы төбелеске ұласып, оған қос көліктегі жолаушылар да қосылып кеткен. Оларды жергілікті учаскелік полицей мен полиция жасауылы ғана ажыратыпты», - делінген хабарламада.
Тараптар аудандық ІІБ арыз жазған. Кейін олар ауруханаға жеткізілді. Травматикалық қарудан жарақат алған екі адам ауруханада жатыр.
Бұзақылық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс облыстық ІІД-нің бақылауына алынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін