Полиция Алматы тұрғынынан гранатомёт тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Алматы тұрғынынан гранатомёт тәркіледі

Полиция Алматы тұрғынынан гранатомёт тәркіледі

АЛМАТЫ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Полиция қызметкерлері Алматыда "Орбита" ықшамауданының тұрғынынан оқ-дәрісіз гранатомёт тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінен хабарлады.

  • 19 Ақпан 2007
  • 307
Фото - Caravan.kz

«54 жастағы ұсталған азамат «Муха» үлгісіндегі қол гранатомётті әйелімен және екі баласымен тұратын екі бөлмелі пәтерде сақтаған. Ол гранатомёттің қайдан шыққандығы туралы айтарлықтай ештеңе айта алмады»,- деді полицейлер.

Полицейлер, ұсталған азаматтың бұрындары есірткі пайдаланғаны және сақтағаны үшін сотталғандығын анықтады.

Қазіргі уақытта гранатомёт баллистикалық сараптама жасауға жіберілді. Полиция ұсталған азаматтың қаруды қайдан алғанын анықтауда.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Алматы полицейлері «Құқық және тәртіп» жедел — алдын-алу шараларын жүргізген небәрі бес күн ішінде 15 қару-жарақ тәркілеген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті