Полиция Алматыдағы балалар үйінде қыздың соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Алматыдағы балалар үйінде қыздың соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді

Полиция Алматыдағы балалар үйінде қыздың соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді

Видеодан қызды төпелеп ұрып жатқанда, жандарында тұрған ересектердің оған араша түспегенін көруге болады

  • 16 Қыркүйек 2021
  • 286
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов балалар үйінде қызды ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап. 

Бұған дейін видео әлеуметтік желіде пайда болған еді. Онда бір қыздың екінші қызды ұрып жатқанын көруге болады. Жандарында ересектер тұр, алайда олар қызға араша түспеді.

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар.

"Бүгін (15.09.2021) аталған факт бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру ұйымдастырды, видеоға "Жанұя" мамандандырылған кешенінің екі тәрибеленушісінің (2004 және 2005 жылғы) жанжалы түсірілген. Оқиға 3 қыркүйекте болған", — деп жазды Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында.


Бұл оқиға бойынша бұған дейін полицияға ешкім шағым түсірмегенін.

Рустам Абдрахмановтың айтуынша, қазіргі күні оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.

 

Соңғы жаңалықтар