Ондағылар бір күн бұрын жарияланған видеоға үйлену тойының қонақтары мен караоке клубының өзге келушілері арасындағы төбелес түсіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.
"Аталған төбелестің той аяқталған соң клубтан шыққан жастар тобы мен караоке клубтың өзге келушілері арасында болғаны анықталды. Ақтөбенің ІІБ Заводской ЖБ оқиғаның үш қатысушысы жеткізілді", — деп атап өтті ведомствода.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелді.
Видео Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында " Түлектердің жаппай төбелесі" деген тақырыппен жарияланған. Кадрларда бірнеше жас жігіттің өзара түсінісе алмай жатқаны көрініп тұр.