Полиция Павлодардағы Халық банкінің есеп-касса бөлімшесін тонаған күдіктілерді ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Павлодардағы Халық банкінің есеп-касса бөлімшесін тонаған күдіктілерді ұстады

Полиция Павлодардағы Халық банкінің есеп-касса бөлімшесін тонаған күдіктілерді ұстады

Павлодарда Халық банкінің есеп-касса бөлімшесін тонаған үш күдікті ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне құқық қорғау мекемесіндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2005
  • 520
Фото - Caravan.kz

ІІБ-ның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растағанымен, тергеу амалдары толық аяқталғанға дейін түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Белгілі мәліметтер бойынша, 24, 32 және 40 жастағы үш адам ұсталды. Оларды құрықтау операциясы 23-қаңтар, жексенбіде жүзеге асырылған. Күдіктілерден қару-жарақ түрлері мен қолдан жасалған бір жарылғыш зат тәркіленді. Сондай-ақ, тінту кезінде күдіктілерден ірі көлемдегі ақша мен көздің тұсын ойып алған екі жүн бетперде табылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодардағы Халық банкінің есеп-касса бөлімшесіндегі қарақшылық тонау оқиғасы 14-қаңтарда болған. Қарулы шабуыл салдарынан 22 жастағы банк қызметкері қаза тапты. Бөлімшенің кассасынан 1,7 млн. теңге қолды болды.

Перейти к новостям спорта