Полиция қызметкерімен болған атыста тірі қалған 18 жастағы студент 12 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкерімен болған атыста тірі қалған 18 жастағы студент 12 жылға сотталды

Полиция қызметкерімен болған атыста тірі қалған 18 жастағы студент 12 жылға сотталды

Бүгін мамандандырылған ауданаралық сотта полиция қызметкерінің өліміне әкеп соққан оқиғаға қатысы бар Ақтөбе колледждерінің бірінде оқитын 18 жастағы студент Ғабит Құрманқұлға қатысты үкім жарияланды. Аталмыш оқиға маусым айында Кирпичный кентінің көпірінде орын алды.

  • 25 Қазан 2012
  • 334
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, Ғ. Құрманқұл қылмыскерлерді ұстау барысында орын алған атыс кезінде жалғыз өзі тірі қалған. Оның екі сыбайласы өлтірілген болатын.

Соттың отырысы жабық түрде өтті. Ғ. Құрманқұл қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша, оның ішінде лаңкестік топтың белсенді қатысушысы және адам өліміне кінәлі деп танылды.

Ғ. Құрманқұл қылмыс жасалған кезде кәмелеттік жасқа толмаған, сондықтан ол 12 жылға қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Жазасын өтеу мерзімі қамауға алынған күннен бастап — 2012 жылдың 12 маусымынан белгіленді.

Ғ. Құрманқұл өз кінәсін мойындамады. Сотталушының қорғаушысы Раушан Тәжімова да үкіммен келіспейді, оның сөзіне қарағанда, оның кінәсін толығымен дәлелдейтін айғақтар жоқ.

«Атыстың куәгерлері мен такси жүргізушісі Құрманқұлдың кінәлі екенін растаған жоқ. Кейбір куәгерлер түсініктеме беруден мүлдем бас тартты, ал қалған куәгерлер қамауға алынған және басқа қылмыстық істер бойынша тергелуде», — дейді ол. Қорғаушы үкіммен келіспейтіндігін және апелляцияға беретіндігін айтты.

Соңғы жаңалықтар