Полиция қызметкерлері Қарағандының тұрғынынан героиннің партиясын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкерлері Қарағандының тұрғынынан героиннің партиясын тәркіледі

Полиция қызметкерлері Қарағандының тұрғынынан героиннің партиясын тәркіледі

Қарағандыда героиннің ірі партиясымен жергілікті тұрғын ұсталды.

  • 17 Маусым 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

Күдік келтірілген 32 жастағы жігіттің пәтерін тінту кезінде 1 кило 833 грамм героин табылды, деп хабарлады жұмада «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.

Полицияның дерегіне қарағанда, бұл жігіт алдында да есірткі сақтағандығы үшін сотталған.
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол изоляторға отырғызылды.