Полиция қызметкерлерін өлтірді деген күдіктілердің бірінің туысы маңызды айғақтарды жоймақ болды - Ақтөбе - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкерлерін өлтірді деген күдіктілердің бірінің туысы маңызды айғақтарды жоймақ болды - Ақтөбе

Полиция қызметкерлерін өлтірді деген күдіктілердің бірінің туысы маңызды айғақтарды жоймақ болды - Ақтөбе

Ақтөбе облысының Темір ауданында полиция қызметкерлерін өлтірді деген күдіктілердің бірінің немере бауыры тергеуден маңызды заттай айғақтарды жасырмақ болып, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті,

  • 5 Шiлде 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Кеше полицейлерге Кеңқияқ кентінде №18 үйдің ауласында белгісіз үшеу — сақалды бір ер азамат пен хиджаб киген екі әйелдің шұңқыр қазып жатқаны, олардың әрекеттері күдік туғызып отырғаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына жедел топ аттанады. Оқиға орнында Кеңқияқ ауылының 26 жастағы тұрғыны — полиция қызметкерлерін өлтірді деген күдіктілердің бірінің немере бауыры ұсталды. Ұстау кезінде тәртіп сақшыларына қарсылық кқрсеткен ол, «Аллаху акбар» деп айқайлап полиция қызметкерлеріне қарай полиэтилен пакетін лақтырады және үй-үйдің арасымен қашпақ болады. Әлгі азамат жақын маңда тұрған қара түсті «БМВ» маркалы көлігіне қарай жүгіреді, ол көліктен оған қарай екі рет оқ атылады. Арнайы полиция жасағының инспекторы да қашқынқа қарай оқ атады, ол жерге құлайды, ал «БМВ» көлігі оқиға орнынан қашып кетеді. Жаралы болған әлгі азамат Кеңқияқ ауруханасына жеткізіледі, бірақ ол алған жарақаттан көз жұмады.

Оқиға орнын тексеру кезінде шұңқырдан 16 калибрдегі «ИЖ» маркалы тегіс оқпанды мылтық, діни мазмұндағы 16 парақ, ішіне 1,5 миллион теңгедей ақша және 500 грамдай қара түсті ұнтақ заттың түйіншегі салынған мәсі аяқ киімі табылып, тәркіленеді. «БМВ» көлігі тұрған жерден 16 калибрлі қосауыз шолақ мылтық табылады. Полиция қызметкерлерінің әрекеті заңды деп танылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген режмде жұмыс істеуде. Барлық бекеттерде полиция қызметкерлері өткен-кеткен азаматтардың құжаттарын тексеріп, көлік құралдарын тінтуде. Және жүргізушілерге жолда қол көтеріп тұрған адамдарды алмауды ескертіп, жолда абай болуға шақыруда.

Соңғы жаңалықтар