Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ұсталып, полицияға жеткізілді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Зайытов Алатау ауданында рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін полицияға жеткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң Ринат Зайытов үйіне қайтарылды", — деді полициядағылар. "Біраз уақыттан соң тұрғындар полиция департаменті ғимаратының алдында жиналды. Оларға Зайытовтың үйіне қайтарылғанын хабарладық, бірақ жиналғандар тарқамады. Жиналғандардың осыдан кейін тағы да жаппай тәртіптсіздік орнатуы мүмкін екенін ескере отырып, Зайытов құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талабы бойынша жиналғандардың алдына барып, сөз сөйледі. Оларды заңбұзушылық жасамауға, сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындауға шақырды", — деді полиция өкілдері. Ведомство мәліметінше, бұл іс прокуратура бақылауында.