Полиция сержанттары кәсіпкерден 3 миллион теңге бопсалаған - Атырау - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция сержанттары кәсіпкерден 3 миллион теңге бопсалаған - Атырау

Полиция сержанттары кәсіпкерден 3 миллион теңге бопсалаған - Атырау

Атырауда полицияның екі сержанты бір кәсіпкерді әйел зорлады деп айыптап, одан 3 миллион теңге бопсалаған.

  • 3 Маусым 2011
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Полиция қызметкерлері (қазір бұрынғы полицейлер) Өзбекстанның 24 жастағы азаматшасымен келісіп, кәсіпкердің оны зорлағаны туралы әлгі бойжеткенке арыз айттырған. Осы жалған қылмыстың негізінде екі сержант кәсіпкерден ақша талап еткен. 200 мың теңге сома ақшаны беру кезінде әлгілер ішкі қауіпсіздік қызметінің қолына түсті», — деп хабарлады Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Жалған мәлімет бергені үшін Өзбекстан азаматшасы да жауапқа тартылуда.

Соңғы жаңалықтар