«Полиция қызметкерлері (қазір бұрынғы полицейлер) Өзбекстанның 24 жастағы азаматшасымен келісіп, кәсіпкердің оны зорлағаны туралы әлгі бойжеткенке арыз айттырған. Осы жалған қылмыстың негізінде екі сержант кәсіпкерден ақша талап еткен. 200 мың теңге сома ақшаны беру кезінде әлгілер ішкі қауіпсіздік қызметінің қолына түсті», — деп хабарлады Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Жалған мәлімет бергені үшін Өзбекстан азаматшасы да жауапқа тартылуда.