Полиция Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсарын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсарын айтты

Полиция Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсарын айтты

 

  • 30 Қыркүйек 2022
  • 120
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері әнші Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсарын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажет сараптамалық зерттеу жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы Полиция департамент басшылығының бақылауына алынды", — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді.


 

Соңғы жаңалықтар