«Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Әзірге нәтиже жоқ», — деді Б.Қожахметов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда еске салсақ, О.Омаршанова 2007-жылдың 30-наурызында жоғалып кеткен. 26-наурызда газет бетінде оның «Кровавый беспредел, или Кто стоит за братьями-«махновцами» атты соңғы мақаласы жарық көрген болатын. Бұл мақалада журналист Алматы облысының Маловодное аулыныңдағы қанды жанжалдың себептерін талдаған. Мақаланың соңғы сөзінде мақала газеттің келесі санында жалғастырылатындығы хабарланған.
Сәуірде журналистік ұйымдар ІІМ мен Бас прокуратураға журналисті іздестіру жұмыстарын тездетуді өтінді. Журналистер Оралғайшаның жоғалып кетуін нақты бір мақаламен байланыстырмайды, алайда, оның ғайып болуы кәсіби іс-қызметімен байланысты болуы мүмкіндігін жоққа шағармайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті