NBC News хабарлағандай, алдын ала болжам бойынша, Риггинс сыбайласымен бірге бөтен үйге түсіп, ондағы бағалы заттарды ұрламақ болған. Алайда келіп қалған полицейлерді көрген олар қаша жөнелген.
Ақыр соңында Мэттьюге қолтырауындар жүзіп жүрген көлге секіріп кетуден басқа жол қалмады. Үш метрлік бауырымен жорғалаушы оңтайлы сәтті пайдаланып, жолы болмаған ұрыны су астына сүйреп әкетті.