Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Казинформ mng.sud.kz.-ке сілтеме жасап.
Сотта анықталғандай, Б. «Toyota Camry» маркалы көлік құралын Жаңаөзен қаласы, Бейбітшілік-Қосқұлақ жолдары қиылысында басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтатып, көлік құралын басқару құжаттарын сұраған заңды талабына бағынбай, кетіп қалған.
Сот қаулысымен Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілікке қамаққа алу жазасы тағайындалды.