«Бұл сауалға біздің депутаттардың өңірлердегі кездесулері, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған мониторинг пен статистика негіз болды. Статистикаға сәйкес, жол-патруль қызметкерлерін қағып кету оқиғалары тіркелген. Осыған орай, тек жол қозғалысын реттеу үшін таяқшаны пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», — деді депутаттар атынан сауалды оқыған Георгий Ким.
Атап өтсек, Қазақстан полициясы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтерінде таяқшаны пайдаланбайды.