Полицияның 4 қызметкері азаптау қолданғаны үшін 4 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицияның 4 қызметкері азаптау қолданғаны үшін 4 жылға сотталды

Полицияның 4 қызметкері азаптау қолданғаны үшін 4 жылға сотталды

Талдықорғанның қалалық соты тұтқынды азаптап, оған айыпты мойнына алдырғаны үшін, қалалық ІІБ-нің 4 қызметкерін 4 жылға дейін бас бостандығынан айырды, деп сейсенбі күні Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті.

  • 12 Шiлде 2011
  • 382
Фото - Caravan.kz

Іс материалдары бойынша, 2008 жылы 28 қарашада Талдықорғанның ІІБ екі қызметкері алтын бұйымдарды ұрлауы мүмкін деген күдікпен осы қаланың тұрғынын ұстап, ІІБ ғимаратына әкеледі (полицей мен тұтқындардың есімін прокуратура хабарламайды – ҚазТАГ). Осы жерде олар ұсталған азаматтан ешқандай куәлардың қатысуынсыз және хаттама толтырмай 11 алтын бұйым алады.

Одан кейін полицейлер өздерінің бастығымен бірге тұтқынды ұрлық жасаған деген айыбын мойнына алдыру үшін соққылай бастайды.

Олар тұтқыннан айыбын мойнына алдыра алмай, оны Талдықорған ІІБ полиция пункітіне апарып, соққылауды жалғастырады. Кеңседегі инені пайдаланып, инемен иығынан піскілеп, тұншықтырып, рәзіңке шоқпармен ұрғылай бастайды, одан соң рәзіңке таяққа мүшеқап кигізіп, оны тұтқынның артқы тік ішегіне сұғады.

Азаптау кезінде болған учаскелік полицейден тұтқынның қайда тұратынын біліп алған полиция қызметкері ұсталғанның ата-аналарының үйіне, одан соң өзінің үйіне барып, ешқандай да күмәнды айғақтар таба алмай, әбден мезі етіп таяқ жегізген тұтқынды ата-анасының үйіне тастап кетеді.

Хабарда айтылғандай, сот отырысы барысында барлық материалдарды мұқият қарап, нақты мәліметтерді тексеріп, 4 полиция офицерін 4 жылға соттап, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, құқық қорғау органдарында 3 жылға дейін жұмыс істеу құқығынан айырды.

Сотталғандар сот үкімін жоғарғы сатыда бұздырмақшы болғанымен үкім өз күшінде қалды.

Соңғы жаңалықтар