Полковник Юрий Будановты белгісіз біреулер өлтіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полковник Юрий Будановты белгісіз біреулер өлтіріп кетті

Полковник Юрий Будановты белгісіз біреулер өлтіріп кетті

Ресей әскери күштерінің полковнигі,  «18 жастағы шешен қызын зорлап, өлтірді» деген айыппен істі болған Юрий Будановты бүгін белгісіз біреулер өлтіріп кетті.

  • 11 Маусым 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz


Мәскеудегі нотариус кеңселерінің бірінен шығып келе жатқан Будановтың басына төрт рет оқ атылған. Естеріңізге сала кетейік, Буданов 2000  жылы екінші шешен соғысы кезінде “адам ұрлады” және “шешен қызы Эльза Кунгаеваға зорлық-зомбылық көрсетіп, өлтірді” деген бірнеше айыппен абақтыға қамалған болатын. Алайда үш жыл бұрын шартты мерзіммен ерте босап шыққан еді. “Шешен қызын қорлау — шешен ұлтын таптау” деп санаған радикалдар оны қалай да тірі қоймайтындарын талай мәлімдеген. Сондықтан тергеушілер мұны кек қайтару мақсатында жасалған қылмыс деп отыр. Айта кету керек, Буданов — Шешенстандағы әскери қылмысқа қатысты сотты болған ресейлік жалғыз офицер. 

Соңғы жаңалықтар