Польша кәсіпкерлері Қазақстанды бизнесті жүргізге барынша сенімді мемлекет санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша кәсіпкерлері Қазақстанды бизнесті жүргізге барынша сенімді мемлекет санайды

Польша кәсіпкерлері Қазақстанды бизнесті жүргізге барынша сенімді мемлекет санайды

Польша 2013 жылы Қазақстанда Польша экспортын ілгері жылжытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырмақ.

  • 3 Желтоқсан 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мен Қырғызстандағы Польшаның Бас консулы, Титулдық Елші Веслав Осуховский Алматыда өткен Польша-Қазақстан бизнесі кешінде осылай айтты.

«Польшада бизнесті жүргізуге барынша сенімді мемлекеттерді анықтау мақсатында кәсіпкерлер арасында зерттеу жүргізілген болатын. Олар өз бизнесін жүргізуге барынша сенімді елдер қатарында Ресей, Украина, Германия, Қытай және Қазақстан мемлекеттерін атады. Экономика министрлігі кәсіпкерлер пікірін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы ең маңызды келешегі зор нарықтарды белгіледі. Олар: Бразилия, Алжир, Түркия және Қазақстан», — дейді В.Осуховский. Оның айтуынша, Қазақстанда келесі жылы Польша бизнесін, Польша экспортын ілгері жылжытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, еркін экономикалық аймақтар форумын, Польша өнеркәсібінің көпсалалы көрмесін өткізу жоспарланып отыр.