«Поляк әріптестерін шақыру бастамасын атыраулық дәрігерлер ұсынды», — деп мәлім етті облыстық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Руслан Қапанов.
Титан мен болат құймасынан жасалған материалдарды пайдаланатын жаңа технологиялар пациенттің операциядан кейін қалпына келу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, адам иммобилизация үшін гипс орамамен жүрмейді.
«Бұрын біз сынған жердің сызығының бойымен кесіп, штифтілер пайдаланатынбыз, осыған байланысты адамның қалпына келуіне бір жарым айдай уақыт кететін. Бірақ жаңа әдістеме бойынша біз нүктелі түрде кесеміз, осының арқасында қан аз кетеді, ал адам үшінші күні аяғына тұрып кетеді. Бірнеше күннен кейін адам балдақпен жүре алады», — деді Р. Қапанов.
«Қазір әзірге нәтижелер (операцияның нәтижелері — ҚазТАГ) туралы айту ерте. Уақыт көрсетеді», — дедіР.Қапанов.
Сонымен қатар, атыраулық дәрігерлер үшін Познань қалалық ауруханасының политравма бөлімінің меңгерушісі Блажей Цеселчик пен медициналық жабдықтарды жеткізуші «Ch M»компаниясының өкілі Анджей Аугустинчикшеберлік дәрістерін өткізді.