Польша Қазақстанмен мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге пейіл - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша Қазақстанмен мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге пейіл

Польша Қазақстанмен мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге пейіл

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин мен Польшаның Қазақстан және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Владыслов Соколовскидің Астанада өткен кездесуінде мұнайгаз саласындағы екі жақты әріптестік мәселелері талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Наурыз 2005
  • 280
Фото - Caravan.kz

Елші Қазақстан мен Польша арасында тауар айналымының өсу ағымы байқалып, 2004-жылы ол 350 млн. долларға жеткенін атап өтті. Дегенмен, мүмкіндіктер әлі де толық іске қосылмай отыр, деді елші.

Польша жағы «ҚазМұнайГаздың» Одесса-Броды-Плоцк мұнай құбыры жобасына қатысуға ниет білдіріп отырғанын, сондай-ақ, Атыраудағы айлақты жаңалауға атсалысып жатқан Польша фирмаларының бұл істі жалғастыруға ықыласты екенін атап өтті.
Сонымен бірге Каспий теңізіндегі мұнайгаз кеніштерін бірлесе игеру, бұл салада Польшаның жетекші компанияларымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері сарапқа салынды.

Перейти к новостям спорта